«№61 Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
1935-1940 жылдары бастауыш мектеп болып ,білім беру ғұмырын бастаған. 1975 жылы Ташкент облысы ,Шыназ ауданына ,1994 жылдан Сарыағаш ауданына қайтарылған. Бұл білім ұясы 1940-1955 жылдары Қызыл құм атындағы мектеп, 1962-1966 жылдары №36 Абай атындағы 8- жылдық мектеп,1966-1990 жылдары 10 -жылдық мектеп, 1990-1994 жылдары орта мектеп,ал 1999 жылы №131 Абай атындағы орта мектебі болып қайта құрылды.
Мектепті әр жылдары Шункеев Шухратулла, Байдаров Хайрулла, Есенбеков Аштар, Исматуллаев, Махмудов Иманқұл, Есембеков Құдайберген, Рысқұлов Сәрсенбек , Есенбеков Намаз, Тажмамиров Болыс, Ашимбаев Жұмахан, Бердіқұлов Мамыр, Алтеев Динмухамет, Алтеев Рахманәлі басқарса , ал 2004 жылдан бастап Алтеев Динмухамет басқарып келді. 2019-2020 оқу жылынан №61 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ болып ауысты. Мектептің 70 жылдық тарихында 1400-ден астам жастар білім алып түлеп ұшса,олардың 300-ден астамы жоғары білімді маман атанып,400-ден астамы арнаулы орта білім 2024-2025 оқу жылынан бастап Жумаханов Асқар Жумаханович мектеп директоры болып бекітілді.
Қазіргі таңда мектепте 306 оқушы білім алады. Оларға 47 мұғалім дәріс береді. Оның 11-ұстазымыз педагог -зерттеуші,17 ұстазымыз сарапшы -педагог, 17 ұстазымыз педагог -модератор. Жоғары білімді педагог-47. 2024-2025 жылдар ішінде мектепті 2 оқушы алтын, 2 оқушы «Үздік аттестатпен » бітірді.
Турабеков Дүйсенбек, Нурғазиев Қалдыбай, Айнамкулова Салтанат, Қашқынбекова Құралай, Абдиханова Куміскул, Пилалова Гулмира, Ширинбаева Ирискул т.б. мұғалімдер жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шығармашылықпен жемісті еңбек етіп жүрген мектептің үлгілі
Мектепте қазіргі таңда жалпы 1-11 сыныптарда 306 оқушы оқиды. Оның ішінде бастауыш- 88 , негізгі-166 , жоғары-53 оқушы оқиды.

